30.05.2022
116
Өкініш
Шартық түсінде
Батыр екен дейді,
Есекпен келе
Жатыр екен дейді.
Кенет есек
Қырсығып тұрып қалды,
«Батыр» ызаланып
Өкпеден ұрып қалды...
...Сөйтіп жатқанда
Аяғы есекке емес,
Әйеліне тиіп кетіп,
О кісі
Бұл қорлыққа күйіп кетіп,
«Батырды» тура шықшыттан
Бір-екі рет сүйкеп жіберді,
Жұдырығы тіптен ірі еді!
(Оны Шәкең көптен біледі!)
Оған қоса екі тепті.
Шартық ас үйді мекен етті.
Енді сонда өкіріп жатыр,
«Есекті бекер тептім», – деп,
Бармағын тістеп, өкініп жатыр..