30.05.2022
  121


Автор: Марат Нұрқалиев

Бір аттау

Шахматтың
Ақ шаршысындағы ақ Пілі
Жолында тұрған Пешкіге
Сөз сөйледі ірі:
– Сен сорлы бір-ақ аттайсың,
Сосын кезегің келгенше
тоқтайсың.
Ал мен бірнеше
сразы аттаймын.
Осы тұрған жеріңде
жеп қояйын ба,
Сс2 : һ7 деп қояйын ба!
...Тыңдап болып
мұндай көрсеқызарды
Пешкі қара шаршыға
бір аттады да,
Ақ Пілге тілін шығарды!





Пікір жазу