30.05.2022
132
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-05-26-23-36-57.png)
Қартаймас көңіл
Жас шамасы
Қырықтан асып, елуді еңсерген,
Денесінің салмағынан
Дүкен іші теңселген
Бір сатушы әйелге
«Апа» дедім ақырын,
Сөйтіп шақша басыма
Таудай пәле шақырдым.
– Байқа, бала, көзіңді ашып қара,
Маңдайдағың көз бе, әлде екі жара?
Ажырата алмастай кәрі-жасты,
Осы күннен сені не қара басты?! –
Түксиіп бір қарағанда өші бардай,
Тұрып қалдым сөзіне түсіне алмай.
– «Апа» дейсің қартайтып мені жүдә,
Бикеш десең бола ма саған күнә!