30.05.2022
  98


Автор: Марат Нұрқалиев

Жаппа сықақ

– Қойшыларға жылы қоныс
Жаңа қыстау саламыз, – деп,
Сексеуіл де, тезек те емес,
Газдан отын жағамыз, – деп,
Бастықтар келіп кетті,
Көп қып уәде беріп кетті.
Қыстан шыққан бір саулық
Жетегінде еріп кетті.
Содан бері өтті біраз:
Қаһарлы қыс, көктем мен жаз.
Бастықтары уәдешіл
Құйрығын да ұстатқан жоқ.
Газдан отын жақпақ түгіл,
Бүтін үйге қыстатқан жоқ.
Қойшылардың жайы кетіп,
Орталыққа барды жетіп.
Деді «қашан үйімізді
Бересіңдер сайлы етіп?»
– Давай, сонда барыңдар! – деп,
Қыстау үйін салыңдар! – деп,
Бас прораб Қосын келді,
Он адамды қосып берді.
Бастағалы олар қашан,
Міне, күз де өтіп кетті.
Деп жүргенде «бітеді қашан?»
Құрылысшылар зытып кетті.
Төбесіне түк жабылмай,
Қабырғасы қалқиып құр,
Қарақұстың ұясындай
Жар басында жаппа үй тұр.





Пікір жазу