30.05.2022
  98


Автор: Марат Нұрқалиев

«Не ексең...»

«Шалғай» деген совхоздың
Шалағай деген басшысы,
Жанында бес-алты қосшысы,
Ауданға күнде жетіп келеді:
– Комбайндарға запас тетік керек!
– Ертерек неге ойламадыңыз,
Тауысылып қалған қоймадағымыз.
– Ендеше,
Біраз техника тоқтап тұр,
Құдіретті қолдарды жоқтап тұр.
Кезінде
Мамандарды қадірлемеп ек,
Бізге
Механизатор кадрлар керек...
– Қысы-жазы кесте тіктіңдер ме,
Әлде көктен түседі деп
күттіңдер ме?!
Ақпарды асырып бересің,
Кемшілікті жасырып келесің.
«Жөнделді» деген комбайндарың
Жетекке де ермейді,
Ал онсыз береке келмейді.
Жылда осылай
Алақан жайып келіп тұрасың...
* * *
Қысқасы,
«Не ексең, соны орасың!»





Пікір жазу