30.05.2022
  103


Автор: Марат Нұрқалиев

Құрғақ құлшыныс

– Ойбай!
Техникаңның керегі жоқ,
Оның бізге берері жоқ.
Атам қазақ қашаннан
Тракторсыз-ақ, күрекпен
Нанын тауып күнелткен.
Жаз шыққанша
Күректерді мықтап саптап аламыз,
Қызыл өгізді баптап аламыз.
Оллаһи, қара да тұр,
Күзде астықты қаптап аламыз!
...Күз де келді. Алайда,
Оңбай қойдық қалайда.
Жерді қазу ауыр болды,
Қызыл өгіз жауыр болды.
Жалғыз түйнек көктемеді,
Қаптар бос қап, «өкпеледі».
Енді биыл
Басекеміз құлшынып,
Мың шашалып, тұншығып:
– Атам қазақ қашаннан
Нан таппай-ақ күрекпен,
Малын бағып күнелткен.
Етті тау қып үйіп тастаймыз,
Жүнді
Жібектей қып жиып тастаймыз.
Сүт телегей-теңіз болады,
Түйе түгіл, тауықтар да
Ыңқылдаған семіз болады.
Қысқасы,
«Әйда, нәшандік, жеңіз!»
болады... –
Деп басекең бөсіп берді.
Ақыры қайыр болғай,
Көңіл тағы өсіп берді.





Пікір жазу