Дыды-быды
(Эксперимент)
– Дейсіз, ә!
– Дейміз.
Деп қалған ауыз
Дегісі келеді,
Дей берсін.
Деп келгенбіз,
Деп жүрміз,
Дей береміз.
«Деймін!»
Деген ауызға
Дем береміз.
Дегенде
Дейтіндердің
Дендері
Дүрыс болса,
«Деме!» –
Дей алмаймыз.
Дегісі келсе,
Дей берсін,
Дегені
Дұрыс!
Дегенмен,
Дұрысы – бұрыс болса,
Дау-дамай, ұрыс болса,
Дым да
Дей алмаймыз.
Демек,
Денің
Дұрыс болса,
«Деме!»
Демейміз.
Дегің келсе,
Дей бер.
Дейтін жерде
Деу керек,
Дейтіндерді
Демеу керек,
Дем беру керек.
Дегенмен,
Деймін
Деп жүріп,
Демігіп қалма,
Деуге
Демің жетпесе,
Дымыңды шығарма,
Діңкені құртасың!
Дегенде
Дейтінің
Дәлелді де.
Деректі болсын.
Дүниеде
Дым сезбейтіндердің де
Дәмесі зор:
Дәнеңе де
Дей алмаса да,
Делебесі қозып,
Дыбырлап, бірдеңе
Дегісі келеді.
«Дерек айтамын,
Дәлел айтамын!» –
Деп,
Далақтап,
Дүдәмал айтады...
...Дей тұрғанмен де,
Дүние жаралған
Дәуірден бері
Деп қалған ауыз
Дамыл таппай,
Дем алмай,
Дыбдырлап,
Дегісі келеді де тұрады.
Дәлелі
Дәл жоғарыдағыдай:
Деп келгенбіз,
Деп жүрміз,
Дей береміз!
«Деймін!»
Дегеннен тұрады