30.05.2022
  608


Автор: Марат Нұрқалиев

Қарға, қарға, қарғалар...

– Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар,
Қайда барып қайттыңдар,
He көрдіңдер, айтыңдар!
– Қарр-р, қарр-р, қарғамыз,
Талай жерге барғамыз.
Егістіктің басында,
Қалың қардың астында
Қалып қойған трактор-рр
Мұңын шағып, жылап тұр-рр:
«Кезінде жұрт еледі» дейді,
«Жерді жыртқан мен едім» дейді,
«Жоқ па енді керегім?» дейді.
Қарр-р, қарр-р-р!..
– Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар,
Қайда ұшып барасыңдар,
Қай жерлерге қонасыңдар!
– Қарр-р, қарр-р, қарғамыз,
Шақырады олжамыз.
Қыр астында қоймаңыз,
Көп дейді оның тесігі,
Жабылмайды есігі.
Соған ұшып барармыз,
Тояттап бір қалармыз.
Тегін астық – несібе,
Бөгелеміз несіне?!
Қарр-р, қарр-р-р!..





Пікір жазу