30.05.2022
  115


Автор: Марат Нұрқалиев

Есіңде ме?

Есіңде ме,
Сен маған «сүйем!» дедің,
Еркелеп кеп
Кеудеме сүйенгенің?
Есіңде ме,
«Отқа бірге күйем!» дедің,
Сүймей жатып,
Бірден-ақ «тием» дедің?!
Келер күні:
– Жаз шықсын, шыда! – дедің,
Арғы күні:
– Жалықтырдың, жүдә! – дедің.
Махаббатың үш күнде
тамамдалып,
Мен отырмын
Қарғам-ау, қайран қалып.





Пікір жазу