30.05.2022
  128


Автор: Марат Нұрқалиев

Бұрын. Қазір

Үйленгенше: – Төбеме
Көтеріп өтем! – деп сөз берді.
Үйленген соң: – Көзіңе
Көк шыбын үймелетем! –
Деп өзгерді.
Жұбайы жүнжіп кетті
Аз-ақ күнде,
Көз ілмей
Жылауменен ұзақ түнге.
Бұрын: «Алтыным!» – деп
Жалпылдайтын еді.
Қазір: – «Қатыным!» – деп
Саңқылдайтын болды.
Қосылғанша толтырушы еді
Гүлге етегін,
Қосылған соң
Айқай-шумен күн өтеді...
* * *
Жібекті түте алмаған
Жүн етеді!





Пікір жазу