30.05.2022
  106


Автор: Марат Нұрқалиев

Бұл да айып па?

– Ой, есалаң!
Күйеуіңнен неге бездің,
Жаман жігіт емес еді,
О не сездің?!
– Істі құдай ұрған күні,
Институттан қуған күні
Ресторанда танысқан.
«Қарындас» деп қадалып,
Тас кенедей жабысқан.
«Әке-шешем жоқ,
Жалақым көп,
Министрлікте ағайым бар...» –
Деген соң қолын қағайын ба?!
Дәл сол күні қосылдым,
Қате болды осыным!
Ауылда
Ата-анасы бар болып шықты,
Туысқандары да толып шықты,
Жалпы
Қарға тамырлы қазақ екен,
Онымен бірге тұру
Барып тұрған азап екен!
Айтқандай, министрлікте
Ешқандай жақыны жоқ.
Ал өзінің басында
Бір шайнам ақылы жоқ.
Содан соң тайып тұрдым,
Неменесі айып мұның?!





Пікір жазу