30.05.2022
147
Бүгінгінің жастары-ай!
Сопай Топайдікіне «тойып» кепті,
Келген бетте Топайды
Қақ маңдайдан қойып кетті.
Ананың да іші пысып,
Аздап ішіп,
Екі қолы қалтасына сыймай
Қышып жүр еді,
Әп-сәтте Сопайды
Сопаң еткізіп ұшырып жіберді.
Әйда, майдан басталды,
Жыртылып киім тасталды,
Соқтығысып бас қалды,
(Көрдіңіз бе, ағайын,
Осы күнгі жастарды!)
Қит етсе – төбелес.
Мұнысы тіпті сөз емес,
Ертесіне өліп-өшіп
Қайтадан дос болады.
Соның құрметіне
Екі-үш шөлмек бос қалады.
Сосын бәрі кешегідей
Қойып кетуден басталады...