30.05.2022
  133


Автор: Марат Нұрқалиев

Жұбату

– Апырай, нанасың ба,
нанбайсың ба,
Жап-жаңа қас пен көздің
арасында
Он тиын кетіп қалды
тамағыма,
Құдай-ай! Өліп енді
қаламын ба?! –
Деді Асан көзі шығып
шарасынан,
Көршілес бухгалтердің
баласына.
– Саспа! – деп жұбатады
көрші бала,
Жұтқаның – не бары
он тиын ғана.
Совхоздың он мың сомын
менің әкем
Жұтып қойып, жүр әлі
аман-есен...





Пікір жазу