30.05.2022
361
Біз бесеуміз, бесеуміз...
Кабинетте бақандай бесеуміз,
Жұмысқа келеміз кешеусіз.
Тура тоғызда
Орнымызда
Қаздай тізіліп тұра қаламыз,
Амандықты,
Алты жыл көріспегендей,
Түгендеп сұрап аламыз.
Сосын
Сол бақандай бесеуіміз
Түске дейін газет оқып,
Түстен кейін
Сөзжұмбақ шешеміз,
Сөйтіп миымызды
Машықтандыруға көшеміз.
Топайдың кешке дейін
Телефонмен сөйлесетін
Бір мылжың танысы бар.
Ал Сопайдың анда-санда
Сопаң еткізетін
Преферансы бар.
Қоқайдың тісінде
Түтіні тыйылмайтын
Керемет шылымы бар.
Ал менің езуім жиылмайтын
Бір қызық қылығым бар.
...Сол бақандай бесеуіміз
Тура алтыда кешеусіз
Үйді-үйімізге қарай зырлаймыз.
Байлап қойсаң да,
Бір минут артық тұрмаймыз.
Біз бесеуміз, бесеуміз...
Мейліңіз, не десеңіз!