30.05.2022
115

Тоғышардың тоқтамы
«Баспасөз – баршаға!»
деп ұран тастап,
Шетінен жазып жүрміз
елді бастап.
– Қай газет, қай журналды
қаладыңыз,
Айтыңыз, қандай екен талабыңыз!
– Бәрін жаз!
Ақшамды мен аямаймын.
Қатардан қалу бізге
жарамайды,
Аудандық газетті тек
атамағын:
Жұғады қол сүрткенде қара майы...