30.05.2022
  173


А.Жандос

Асыл аға, Қалдарбек Найманбаевқа

Ей, аға етжүрегі елім дейтін
Өзіңді ойлап бұл күнде ойға баттым.
Жаудыраған жанарға көрінбейсің
Қамын əркез ойлаушең əр қазақтың.
Саған біткен ұлтшылдық, асыл жүрек
Тəнті етіп шақырар бойға дарын
Рухани аштықты ойлағанда
Жабырқаулы батамыз ойға қалың.
Қамшының сабындай-ақ ғұмырыңда
Нəн үлгісін көрсеттің саналы ердің
Қазағыңның батқанда күні мұңға
Мəңгілік боп сен неге қала бердің.
Жүрген болсаң таусылмай жазымышың
Қазақ үшін таң болып атармедің
Асыл жанды ардақты қазақ үшін
Сүріндірер сұм тағдыр қатмедің.
Ұлтын сүйген жүрегі əр азамат
Қазақ үшін кайғырып қамығуда
Тарыдай боп шашылған қайран қазақ
Əлі күнге өзіңді сағынуда.
Қазағымның мəртебесі тым биік
Кез болсада қандай шаттық, қандай мұң.
Асыл аға аруағыңа бас иіп
Рухыңа дұға жырды арнаймын.





Пікір жазу