30.05.2022
  145


Мұхамедқазы Мəлікұлы

Елім менің

Елім менің елдігіңнен айналдым,
Елім барда жоғалады бар қайғым.
Көгерсем мен елім бар деп көгеріп,
Сарғайсам да елім үшін сарғайдым.
Жерім менің кеңдігің-ай, кеңдігің,
Өзгелермен иығымыз тең бүгін.
Көз суарып ұлан-ғайыр өлкеңе,
Сені жырлау мақтан етер ерлігім.
Халқым менің, дарқандығың, өрлігің
Оятқанда ездердің де ерлігін.
Махамбетше түн қатайын өзің деп,
Майда ертіп тұлпарымның терлігін.
О, отаным, əлемге ашқан қақпасын,
Тыныштыққа туралаған ат басын.
Мақтанамын атыңменен иншалла,
Тəңір өзі отансыздан сақтасын.





Пікір жазу