30.05.2022
  130


Бақытжан Қыдырəліұлы

Жыр азабы

Мен мынау тамұқтан,
шаршаған шабыттан,
жарқ етсем деп едім.
Бірақта адастым сеннен мен өлеңім.
Мен енді жырымның қайғысын арқалап,
Жұмбақ бір далаға өзімді көмемін.
Құлату үшін қатыгез қара қас жауын,
Ақ тамақ найзаға ұстаған қыршын жас жанын.
Ерлігін бабамның жырлашы жүрегім.
Мен əйтеу түсімде қан жұтқан тарих астарын,
Қолымда домбырам шерлі бір күй тартып,
Кеземде жүремін.
Білмеймін əйтеуір əжемнің зары ма,
Бір тыным бермейді шаршаған жаныма.
Арулар жан үзіп жатады, қорғап бір намысын,
Боялып қанына.
Қасыретке айналған ананың бесік жырлырын,
Күрсінген қарттардың үнінде тыңдадым.
Құлазып отырам бір мола басында,
Қобызға қосып-ап солардың мұдарын.
Шағылған шаңырақ қан жұтқан жебенің,
Қайғысын мұң-зарын жырласам деп едім.
Бірақта адастың сен қалай өлеңім.
Жырым мен солардың қайғысын жұтамда,
Соңғы рет жырлап-ап, бұлбұлдай бұтаңда,
Ешкімде табалмас мəңгілік дерегін,
Жұмбақ бір далаға өзімді көмемін,
Сұрама себебін.
Сұрама себебін,
Онсызда жырымның қайғысын шегемін.
Мен мынау өмірге бəрінен айығып,
Тап-таза сəби боп қайтадан келемін.





Пікір жазу