30.05.2022
  100


Бекен Қалымбекұлы

Мен ержеттім

Тепсе темір үзетін, жігіт болып ержеттік,
Талайлардың жүрегін əнімізбен тербеттік,
Қайырымы жок жандарға қыстай қатал суытып,
Ал мейірімді жандарға сезім сырын селдеттік.
Мен не үшін тарылам байтақ жатқан далам бар,
Жау алар деп əр күні жайым да жок алаңдар.
Жоқ, жетпедім əлі мен жететұғын жеріме,
Талай-талай алдымда алынбаған камал бар.
Көкірегімде бір сезім түп-тұнық боп тұнғанда,
Бергің келсе ей өмір, береріңді бұлданба.
От боп жанып каулаған, дүрілдеткім келеді,
Кеудемдегі жалыным сөніп кетпей тұрғанда.
Əлегіне жегіліп жанымдағы уайымның,
Тозып кеткім келмейді қабығындай қайыңның.
Туған елім бəйгеңе енді апарып сал мені,
Жүлделі боп келуге міне мен де дайынмын.
Жібер мені бəйгеңе қайратымның молында,
Күтіп тұр ма талай сын алда басар жолымда?
Шайқасқым-ақ келеді, айламдағы жетерлік,
Əй қайтейін жақсырак каруым жоқ колымда.
Хас тұлпарды əкеліп босағама байлап бер,
Бес қаруды сай қылып канжығама байлап бер.
Туған елім, сонан сөң ауыр талап жүктеде,
Талай-талай сындарға мейіліңше адап көр.
Көкірегімді ып-ыстық мейріміңмен тазала,
Үйде отырып батамды тіле менің əз ана.
Үмітіңді сол кезде ақтамасам туған ел,
Дар ағаштың алдында білгеніңше жазала.
Алынбаған қамалды сен қолдасаң аламын,
Тұлпарың боп тұяқты бəйгеңе де шабамын.
Сен жүктеген міндетті айнымастан аткарып,
Жүрегіңнен өшпейтін өз ұлың боп қаламын.





Пікір жазу