Қара төбеттің монологы
Қатпар-қатпар таулардың,
Адыр-адыр даланың,
Қожасы едім кезінде.
Асқақтатып ар əнін,
Ұшқын ойнап сезімге,
Қалықтаған қыран да, дала жортқан құлан да,
Айдай айқын жүретін, бəрі менің көзімде...
Бөрі едім кеше мен, кең даланың патшасы,
Сыр шертетін ғасырдан, аскар таудың ақ басы.
Құс ұшырмай басымнан,
Опасызды тарк етіп,
Ақ берендей «жарқ» етіп,
Мұз жүрекке шаншыдым, қанжар жасап жасыннан.
Еркін жатқан даладан, самал жел де безіпті,
Менің текті болмысым бір сұмдықты сезіпті.
Тарамдалған жолмысың,
Алға тартқан тартуды,
Сынға салган əркімді,
«Ар» мен «алтын» салынған кос сыбаға кезікті.
Қара төбет болыппын, таңдап соның бір жағын,
Итаяққа құйылған шайындыға ырзамын.
Бай қолына бағынам....
Əр кез болам кырағы,
Үріп дауыс шығарып,
Бұлаң қағып құйрығым, байекеңе жағынам.
Мойынымда карғы бау, босағада жатырмын,
Басқа шығып ойнайды,
Құлқын тірлік, пақыр мұң еш нəрсеге тоймайды.
Ием көріп жайымды,
Құйып қояр шайынды.
Самсып сөре тұрсада, артык жеуге болмайды.
Сан мың елес санамда, сан сұрақтар жүр мейлің,
Тамақ берсе болғаны, ешкімгеде үрмеймін,
Үруге де болмайды...
Бөріліктен алыстап,
«Ар» табағын табыстап,
Қалай келдім бұл жерге, мен өзім де білмеймін.
Бəз баяғы қалпынша байтақ дала керілер,
Теңшеп жүрер барлығын, келмей кетті Перілер.
Сол даланың еркесі, тектілік бар бойында,
Қайран шіркін кең дала, қайда кетті «Бөрілер?».