30.05.2022
  136


Нұрғиса Төремуратов

Күрсініспен өтуде

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос.
Жалындыдан айрылып,
Жігерсізбен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Лашыннан əлсіз жаралдың.
Ал маған сүтпен дарыған,
Ана тілімсіз қараң күн.
Ауыр соққандай бүгінгі
Жаһанданудың құрығы.
Ақсатып қойған тілімді,
Намыссыздардың қылығы.
(Ойлылар бізде аз-ақ тым),
Өтуде күндер таласа.
Құндылығы қазақтың,
«Ресми тілден» аласа.
Аспанда ұшқан, қызғыш құс,
Берекеңді қашырды-ау,
Лашын құстың текпіні.
Ал біздерде басымдау,
Орысшаның екпіні.
Айтып-айтпай немене,
Күрсініспен өтуде,
Зиялының көп күні...





Пікір жазу