Атажұрт
Көк аспанда қыран құсы самғаған,
Маң даласын егей ері шарлаған.
Сенен ғана теңдік алған жан бабам,
О, Атажұрт, мен киеңе таң қалам!
Орда болдық, Отан бүгін көктеді,
Төккен тер мен бодау тегін кетпеді.
Табиғатыңнан айналайын кең өлкем,
Сан асылдың ең алғашқы мектебі.
Жұлдыздар да тамсанады асығып,
Көкжиек тұр құсжолына асылып.
Жиылып кеп жиын-тойын жасауда,
Кеткен кеше тарыдайын шашылып.
Тілім аман болсыл əуел, дінім де,
Оңайлықпен жеткеміз жоқ бүгінге.
Берекенің бұзылмаса қаймағы,
Таң қалдырар басқаларды түбінде.
Болашаққа ие жастар тұлымды,
Атажұрттың ошағында жылынды.
Сəбиінде қандай бақыт бар деші,
Бейіш елдің бесігіне туылды.
«Көк туымыз асқақ болсын аспанда»,
Деп тілейді жазиралы жалпақ жұрт.
Төртеу түгел болса өзге жоқ алаң,
Дастарқаннан ортаймасын дарқан құт!