30.05.2022
124
Ақсұңқар аға
Бір аңсауды дəлелдеуге құлшынып,
Шынар болып жетілген ед бір шыбық.
Ақ сағымға айналғанда қас-қағым,
Карағайдай халқы қалды күрсініп.
Тулап аққан тамырында өзендер,
Буырқанып жататуғын сезем мен.
Сізді еске алу таусылмайтын сағыныш,
Сізсіз қалған кезең де.
Абылайдан қалған соңғы арман - дүр,
Алатаудан сіз арқылы жалғанды.
Дүбірімен ұйқыдағыны оятқан,
Құлагердей ардағым.
Рабат дала дидарына өң беріп,
Нұр тарайды оранып бір сəулеге.
Қала бейнесіне ұқсатам,
Жатқан Айды аспан дейтін сəжде де.
Пəниден сыр жазылған ед талай том,
Бақидан да тапқан шығар жалғасын.
Оқылады өлім болып бұлт өлең,
Беу, ардақтым күпірлікке жазбасын?