30.05.2022
  81


Автор: Қуат Асылбек

Қалада күн қызыл...

Қалада күн қызыл,
Қанаттары талатын,
Ал біз жақта күн шығыс,
Тау артында болатын.
Қалада ай мешітте,
Иманыңа куəгер.
Ал, біз жақта толған ай,
Сapы қамырдан туады ол.
Қара шоқы етегі,
Сонау Алтай көлемі,
Оқып тұрған сияқты пайғамбардың өлеңін.
Ағам бір жыл кіріпті,
Ашылғанда бір қақпа.
Əкем айтқан əңгіме,
Оралмайды ол біз жаққа,
Жеңгем содан қайтқан-ды
Шақырдыда Ертіс,
Жол тартты.
Шешем айтқан əңгіме,
Енді жеңгең жар тапты.
Қабағымды көтермей
Перзенті барыстың,
Қала саған келдім де,
қызыл күнмен таныстым.
Бөктерменен қоштастым,
Құлағы сəл қалқайған.
Бақшаларды жыр еттім,
Ағаштары арсиған.
Енді шығыс қай маңда,
енді батыс қай маңда,
Менің тұтас айналам айналғандай ойранға.
Енді түстік қай манда,
Тырна қайтқан əн айтып,
Үйден алыс кетем деп қасіретімді молайтып.
Күн қып-кызыл таң атты,
Күн қып-қызыл сөнді алау.
Топырағы жырымның туған жерде қалған-ау.





Пікір жазу