30.05.2022
111
аманат
Жорықтардан кешегі аттандаған,
Не сырды аңғарасың аққан қаннан?
Соның бəрі елдігін қорғап қалып,
Тілін сақтап қалу ғой Сақтан қалған.
Сақтан қалған аманат тілім менің,
Тілім менің тірегім, пірім менің.
Тілім үшін оқпенен отқа оранып,
Тілім үшін мың өліп тірілгенмін.
Түн ұйықтамай күзетіп, бір елі үшін,
Қызыл қаны тулаған, жүрегі шын.
Күлтегін аманат қып ана тілін,
Тасқа қашап кеткенін білемісің.
Көрсет қане, толысып толғаныңды,
Ана тілің қорғашы қолдағыңды.
Ал басқалар ұйықтатып рухыңды,
Тілейді сенің мəңгүрт болғаныңды.
Соны ойлап, көзіме жас аламын,
Тірі жүріп ойлаған бас аманын.
Ана тілін білмесең жер бетінде,
Құрысын қазақ болып жасағаның