30.05.2022
  111


Автор: Құрманбек Əскерман

Бөрінің үйі

Қара түннен көрінбей жылғалар,
Қара тау түксиіп мұңданар,
Аспаннан жылтырап мың жанар,
Өлі түн оянып ұйқыдан,
Бөрінің ащщы үні тыңдалар,
Бөрілі тарихым мұндалар.
Бір сырын айтады
Тарихым көнерген,
Бөлтірік екенмін бөрі емген.
Көкжал боп көсегем көгерген.
Қашанда қанды ауыз қақпаннан,
Өлігін көрсетпес өлермен,
Бөлтірік екенмін бөрі емген.
Қаны бар сондықтан бойымда,
Заңдылық келмейді жоюға.
Көкбөрі күнімді көксеймін,
Бөрі анам ойымда.
Тарих көмсе де таспенен,
Рухым өлмейді, мойында!
Бөрі анам шықпайды ойымнан.
Білемін тауларда тұрағым,
Сүйемін бұлағын, құрағын.
Бөрінің ащщы үні ұраным.
Қапаста тұрсам да тау жаққа,
Қарап-ап ұлып мен тұрамын.
Бөрінің ащщы үні ұраным.





Пікір жазу