30.05.2022
  111


Автор: Аршын Нұрбақытұлы

«Қазағым» деп

(Қалдарбек Найманбаевтың рухына)
Мəңгі өлмесін асқақ айтар əн мүлдем,
Қазағым деп шырын жинау əр гүлден.
Қазақ үнін аспандатып шырқату,
Қыран ғана қанат қағар зəулімнен,
Сенің, менің, бар қазақтың борышы.
Бабамыздар от демімен аймалап,
Қаныменен шөліркетпей суарып,
Ендігəрі екі өспейтін қайталап,
Бір қызыл гүл тіктеп берді «жылауық»,
Оны мəңгі қуратпау, өркендетіп өсіру.
Сенің, менің, бар қазақтың борышы.
Құз тастарды жарып өтіп тереңге,
Тамыр тартқан құрыш жігер, екпіндім.
Ғұмыр бойы арқау болған өлеңге,
Қайсар шынар қазақ рухы деп білдім.
Сол шынарда бүкіл қазақ тірлігі,
Себебі біз өніп шыққан бүршігі.
Мейлі-мейлі қаралы гүл қағарсың,
Ұлтың үшін жаның күйіп қажалсын.
Сонда ғана шалқып айтар таза əнсің,
Қазақ болып жүре алмасаң саған сын.
Қазақ жолын қуа алмасам маған сын.





Пікір жазу