30.05.2022
152
Аңсау
Тағы да осы уақ,
Беймезгіл шақ мынау кешқұрым.
Отырмын өткенді есіме ап,
Ботадай боздайды ескі мұң.
Көруге зарықтым,
Қасымда жоқ ешкім сырласар.
Жалғаннан онсызда жалықтым,
Жағдайым тым нашар.
Тағдырым таразы тасындай,
Үрейге матайды түнгі ызғар.
Жанардың ақмоншақ жасындай,
Ағады жұлдыздар.