Қауымдастық
(Қалдарбек Найманбаевқа)
Аға!
Мендің жүрек – ең ұлы қауымдастық!
Келгендерге ағымнан жарыламын.
Бұл далаға бұрыннан бауыр бастық,
Тыңдадым сағым əнін.
Аға!
Қаламыммен сөйлеттім Жүрек тілін,
Өлең жазу – Арымның бұйырғаны.
Өз қолымен бағыма гүл екті мұң,
Тағдырдын түйір дəні.
Аға!
Сезімдерді шақырдым жырақтағы,
Оралуда... əне, олар оралуда.
Лүпілімді сыйладым жылап тағы,
Қарагөз сол аруға.
Аға!
Сағынды Жер, сағындым, сағынды Аспан,
Жаутаңдаймын… көзімде ғасыр тұнып.
Құшак жайды Сезімдер қауымдасқан,
Кірпікте жас іркіліп.
Аға!
Жырақ қалған бұл елдің бесіктері,
Қалай ғана жат қолға тербеттірем,
Жетім үнін... О неге есітпеді?
Жылдарым – жендет кілең.
Аға!
Қоштасқымыз келмейді сізбен мүлде,
Сонау мекен бəрібір жолықтырар.
Бұлжымас заң бақилық... күз келгенде –
Жапырақ солып тынар.
Аға!
Аппақ жырым – кіршіксіз Ар сауабы,
Ақтығыма жеткенше тарылмас түк.
Мендік Жүрек Қазақты қарсы алады –
Ең ұлы Кауымдастық!!!