30.05.2022
  146


Автор: Ерғали Бақаш

Түн мені сағынады

Түн мені сағынады таң атқанда,
Өлеңі жетсін дей ме Жаратқанга?
Өзімді-өзім аяп отырамын,
Достарым мен жайлы өсек боратқанда.
Күніне сан қайталап кəлиманы,
Ақынның оянды іште ар-иманы.
Өзіңді-өзің танып өлең жазсаң,
Білесің дүние деген дариғаны.
Əлқисса, еншіме өлең калағаным,
Байлыкка, бірақ, қырын қарамадым.
Мақтанып кетті деме мені бауыр,
Түсімде жұмақты ылғи араладым.
Тəңірге мінəжат қып табынғанда,
Қол создым бұлдыраған сағымдарга.
Ұшып-ақ кететіндей күйге енемін,
Елесін ару өлең сағынғанда.
Азат күн тыныш түнге ұласқанда,
Сұлулар мен жайында сұрасқанда.
Құшақтап топырағымды ұйықтап жатам,
Ауылдың іргесі анау қыр асқанда.





Пікір жазу