30.05.2022
168
Алаш
Е, Алаш!!
Рухымның самғаған биігі,
Сайын даламның оққа ұшқан киігі.
Күннің қып-қызыл алауы шарпыған құмдардың
Аузыма құйылды
Құп-құрғақ түйірі.
Үнсізбін,
Көсіліп сөйлеуге хал нашар.
Еһ, бұл шақ
Қашанға жалғасар.
Күңіренген қобыз бен домбыра дауысын,
Есірген есер топ дарға асар.
Ақшағи сəулеге оранып...
Түсімде
Сөйлейді тарихым қазақы пішінде.
Тақ үшін таласқан тобырдың толқыны
Ұлтымның обалын
Ойыншық қып бітірген.
Сендерді бергенде далама пана ғып,
Жоқтамас едім ғой көзімнен қан ағып.
Алаштың ақ маңдай, арыстан ұлдары,
Осылай біздегі жаңалық.
Қып-қызыл үкімет, сақалы ағарып,
Əлі отыр сазарып...