30.05.2022
  145


Автор: Қуаныш Дəлей

Ермен иісі

Қасиет пен қасірет қалай-қалай тоғысқан,
Ермен иісі мұрныма келеді еміс алыстан...
Қыстаулық пен қаланың ортасында бір мұң бар,
Мен,
Сен –
Жəне сексеуіл,
Ермен иісі...
Жыңғылдар!!...
Мынау байтақ өлкені басып өткен бір дауыл,
Жоқ енді ермен иісі...
Үнсіз мола...
Мұңлы ауыл!!...





Пікір жазу