30.05.2022
  108


Автор: Қуаныш Дəлей

Түн

Қанжарың осқанда
О, ызғар,
Бетімнен сау тамтық қалмаған...
Түсіме енеді Оғыздар
Тарих тасқыны жалмаған.
Қылаулап ұшады аспанның,
Мамығын жел жұлып...
Құтырық!
Өмірім -
Уақыт – қақпанның
Кетеді ерніне жұтылып.
Кім мені мəпелеп аялар,
Құшағың сұп – суық,
Кеңістік!
Ақиқат есінеп оянар,
Молаға толғанда жер үсті...





Пікір жазу