30.05.2022
  149


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Сақал мерген туралы аңыз

Бастаса атам айтып әңгімені,
Отырған дархан үйге сән кіреді.
Аңшылық, көкпар, қыз қуу, думанды той,
Қазақтың бірге туған жан жүрегі.
Айтады қариялар еппен-еппен,
Мирас болып сол әңгіме бізге жеткен.
Аң қуып, сайран салған кең далада,
Қазағым тарықпапты қазылы – еттен.
Нақышына келтіріп әңгіме айтқан,
Жас боп кеп, жасы жетіп кейін қайтқан.
Қариялар, мұрасы әңгімеден
Шертейін бір үзік сыр осы жайттан.
Бұл өмір қабылдаушы меймандарын,
«Келші» деп құшағына жиған бәрін.
Біресе күлдей күліп, көңілденіп,
Борандай бұрқ-сарық етіп жиған кәрін.
«Сұм жалған» – деп құр ауыз айтпайды ешкім.
Бейнетпенен, таршылық өмір кештім.
Әйтесе де, бақыт қонып, жай түзеліп,
Халықтың ауызынан арқан естім.
Арқанды ұрпақтарым керек етер,
Бір емес, сан ғасырға талмай жетер.
Нақыл сөз, асыл мұра жимаған соң.
Нысыпсыз, байлық-жиһаз бәрі бекер.
Алатауды ел жайлап, қоныс тепкен,
Күн көрген қазақпыз ғой қазылы – етпен.
Олжаман оралады екен – аңшы,
Асынып жау-жарағын, тауға кеткен.
Тұра ма бір орнында мына жалған
Аң қуып, киік атып сайран салған.
Мына жыр ел аузында нақыл болып,
Мына оқиға халықта содан қалған.
Таңысық, – руы жаныс – бай болыпты,
Мал-жаны төрт түлігі сай болыпты.
Тәңірі, Емберді атты бала беріп,
Көңілі содан кейін жай болыпты.
Емберді өсе келе мерген болды.
Халқына құдай өзі берген болды.
Қарны аш, бала-шаға етке тойып,
Қарттардың, Ембердіге көңілі толды.
Емберді, риза болып шаттанатын,
Таудағы киік-елік қорадағы,
Малымдай емес пе деп мақтанатын.
Қарттардың батасымен мерген батыр.
Әр жолы аңға осылай аттанатын.
Астына мінген аты жүйрік қасқа,
Жаралғандай секілді, тау мен тасқа.
Киік қуса тасырқап, қала берді,
Барлық аты мергеннің, одан басқа.
Жалғыз өзі аң қуып, сайран салды.
Ел іші оған қатты қайран қалды.
Тау таста тунде түнеп жүрген кезде,
Қасқырдан қорықпай ма құйрық-жалды.
Емберді ерек туған батыр болды,
Көп өтпей жиырма бірге жасы толды.
Көзін жұмып табатын қалге жетті,
Таудағы құзды-тасты жота жолды.
Ол аңның қорықпады барлығынан,
Пайда болған жан еді өйткені ол
Алланың бұйрық еткен жарлығынан.
Қасқаға мініп алып шаба берді,
Жалығып, мына өмірдің тарлығынан.
Бірге барам, деп оған ермеді ешкім,
Білмеді ол айырмасын ерте-кештің.
Таң ата қайқы мүйіз киік қуып,
Батқанын білмей қалды жазғы кештің.
Сол киік, сол кеткеннен, жөнеп берді,
Шаң қылып өте шықты аспан – жерді.
Артынан қалмай қуған Емберді де,
Киік өткен шыңырау шыңға келді.
Шыңға кеп жақындады, аттан түсіп,
Әлгі киік өткен бе шыңнан үшып.
Деді де қорым тасқа қойып кетті,
Ат қалды, оқыранып зәресі ұшып.
Жан еді ерек туған жаны мықты,
Емберді қызуменен өте шықты.
Әлгі киік секіріп кете барды.
Айламан Ембердіні құзға тықты.
Бұл жолы алла оны қолдамады,
Осы болды алланың жолдағаны.
Сол киік жіпсіз байлап кеткеннен соң,
Қалмады, баста ақыл қолда амалы.
Ол киік қасиетті киелі еді,
Бар киік, сол киікке сүйенеді.
Бұл аңыз құлағыма келген сайын,
Көкейге әлде қандай күй енеді.
Шынымен сол бір киік киелі еді,
Емберді киіктердің басын қақты.
Киік қаны тау-таста судай ақты,
Бұл жолы Ембердіні қудай қақты.
Кісі киік жазасы жеңіл болып,
Емберді құдай сақтап аман қалды.
Амал не құзар шыңның ортасында,
Тағдырдың тауқыметін тартып жатты.
Бейсауыт дүрліктіріп дүйім елді,
Ауылға иесі жоқ аты келді.
Анасы атты көріп, естен танды,
Деп ойлап – «Жалғыз балам, ұлым өлді».
Әкесі дүйім елге хабар салды,
Анасы төсек тартып жатып қалды.
Жалғыз ұл хабары жоқ өліп кетсе,
Мал мүлкі, жиған терген кімге қалды.
«Аң атардай дәулеті кем болды ма?!
Әлде тауда ит-құсқа жем болды ма?!»
Деп анасы зарлады күні-түні,
Шынымен өлді ме, жалғыз ұлы.
Ел болып мергенді іздеп кетті бәрі,
Тек қалды, ауылда жас пен кәрі.
Шарқ ұрып, тауды тінтіп таба алмады,
Жүздерін қайғы басып келді бәрі.
Таңсық атты келіп құшақтады,
Кер қасқа, көздің жасы парлап ағып,
Кісінеді, баладай құшақтағы.
Суарайын деп оны мініп еді.
Үш сағаттық жеріңді үш аттады.
Бой бермей кері қасқа кетті самғап,
Шөп жемеп еді, үш күн бойы, жүрек жалғап.
Ембердіден айрылған жерге келіп,
Оқыранды, ышқына жанын жалдап.
Ембердісіз өмірге сыймады ма,
Шауып келді бар күшін жинады да,
Естіп мұншалықты кереметті.
Ембердінің құлағы елең етті,
Керқасқа – деген дауыс, сол бір кезде,
Қасқа мен Таңысыққа келіп жетті.
«Емберді!» – деді бұл да дауыс беріп,
Қос өкпесі барады төсін керіп.
Амандығын ұлының естігенде,
Барады жүрегі мен жаны еріп.
Ұлының тірі екенін тоба етті,
«Құтқарамын ұлым», - деп, көңілді алдап,
Таңсық атқа мініп елге кетті.
Елдегі шабармандар тамақ алып,
Ембердінің шыңына дереу жетті.
Емберді қасіреттен үш күн жатты,
Әр күнді ойлай бере, басы қатты.
Тағдырдың салғанына мойын ұсынып,
Көкірегі қарс айрылып жылап жатты.
Таңысық елді жинап кеңес қылды,
«Қарамұртта» – ақыл ғой барын білді.
Бес-алты шабарманын соған жұмсап,
Бұл күні мәжілісі сонымен бітті.
Ғұламаны Таңысық қатты күтті,
Жан еді ол, самайы қалың түкті.
Кезінде ол да күшті мерген болған,
«Сақал мерген», - деген ат содан шықты.
Болса да аты басқа, асыл текті,
«Сақал мерген», - деп халқы атап кетті.
Жасы келіп, қалса да сол мергеннің,
Ойы терең, қолдары әлі де епті.
Барын төкті, Таңсық аянбады,
Тамақ ішіп болған соң келген түні,
Бастан-аяқ әлгі істі баяндады.
Таңсықтан қалсын ба, күшін жинап,
Мергенің де ойланды, аянбады.
Шың еді ол үстінен арқан жетпес,
Ал түбі бір түңғиық тірі жан өтпес.
Өзі өткен, сол шыңнан, өзі өтсін
Айла табу керек қой құлап кетпес.
Арайланып көп өтпей таң да атты,
Ғұламаны тәтті бір ой маздатты.
Таңысықты шақырып былай деді,
Кие қуып балаңыз өле жаздапты.
«Жалғыз жол бар айтайың өзіңізге,
Дүйім ел бағынама, сөзіңізге».
«Айтшы тез» - деді бай да тағат таппай,
«Не шара, айтқаныңа төземіз де».
Айтсам былай, «Еліріп өткен балаң,
Еліріп кейін қарай өтеді тез.
Сол ісім жүзеге асса мерген ұлың,
Қиянаттан құтылып кетеді тез».
Барша жұрт жиылып ап, шыңға жетті,
Қуаныш орнап жүрекке қайғы кетті.
Сақал мерген адамды жинады да,
Мылтық беріп әр жерге белгіледі.
Шыдамсыздық танытып Танысық жүр,
Орындайық дейді ол енді нені.
Бойды ертіп, ер мерген шыңға шығып,
Баста деген ишарат белгі берді.
Гүрсілдеген мылтықтар жаңғырады,
Бағыты жоқ білте оқ қаңғырады.
«Киік кетті!» - деген сөз көкті тепті
Ембердіге жаңғырық анық жетті.
«Емберді ат» – деген сөз оқтан озды,
Ембердінің елеңдеп жыны қозды.
«Ойбай, қайда», – деді де ырғып кетті,
Қиыршық тас төменге сырғып кетті.
«Қайда кетті киік», – деп атып шықты,
Ал Таңысық баласын ұрып жықты.
«Ой әкеңнің... киікте нең бар сенің,
Жоқ әлде балам көп пе мына менің».
Әкесін қүшақтап бір қуанады,
Есінен шықты мүлде жылағаны.
Емберді мергенменен бірге қайтты,
Баяндап бір-біріне түрлі жайтты.
«Сақал мерген» – жас кезде өзі көрген,
Бір қызық таң қаларлық оқиға айтты.
– Өзіңдей мерген болдым аты шулы,
Аң қуып, киік атар күн де туды.
Бір күні кешке жақын киік атып,
Паналадым, от жағып, қалың нуды.
Тау тастан ағаш теріп ортаға үйдім,
От болды көлеміндей киіз үйдің.
Киік сойып, сан етін отқа қақтап,
Қызуы көтерілді көңіл күйдің.
Айнала тас қараңғы қорқынышты,
Ат үні жарып өтті зор тынышты.
Тұлпарым неге сонша кісінеді деп,
Тамағын алдындағы қорқып ішті.
Жалт қараса бір қара келе жатыр,
Қаймықпады одан да мерген батыр.
Мерген болса үңгірді пана етті,
Әлгі қара қорқып кейін кетті.
Сәлден соң отта өшіп, күлі қалды,
Әлгі қара адамша жүріп келеді,
Ұқсамайды қасқырға құйрық жалды.
Мерген де келер бір деп күтіп отыр,
Шаршады ұйқы қысып көзі талды.
Көп ұзамай дұмалап ай да шықты,
Қара түннің түнегі бұтаға ықты.
Әлгі қара айналып тағы келді,
Жабайы адам екен қалың түкті
Жан еді Сақал мерген күші мықты,
Тау адамын аңдысын аңдып тұрып,
Қақ бастан шоқпармен ұрып жықты.
Мылтығын ап жүректен атып салды.
Көп өтпеді тағының жаны шықты.
Құлақ тынды әр түрлі айқай шуға,
Жабайы адам, көп екен қалың нуда.
Олар шошып, тау асып кетті безіп,
Беттеместей боп кетті қалың нуға.
Басымен екі қолын кесіп алды,
Барлығын қос қоржынға бөліп салды.
Тұрды да, атын ертеп, елге қайтты,
Есіне ап жан түршігер әлгі жайтты.
Содан соң тауға қайтып оралмады,
Содан бері осы екен оралғаны.
Мың асқанға, бір тосқан болары хақ,
Ақ адамға қашанда құдайы жақ.
Шектен шыққан аңшылық жарамайды,
Қанша күшті болсаң да Емберді ұлым,
Сұм ажал қауқарыңа қарамайды.
Мергендер сыр бөлісіп елге келді,
Таңысық елді жинап көкпар берді.
Той қылды мергенге арнап қуанышты,
Бәйбіше ұлын көріп құрақ үшты.
Таңысық ақылгөйге шапан жапты,
Мойнына жұдырықтай алтын тақты,
Астына жүйрік тұлпар тақымдатты.
Бұл кезде Сақал мерген сексенді асып,
Тоқсанның алқымына жақындапты.
Осылай ақылгөйді аттандырды,
Кетерінде шақырып, Ембердіні,
Қызбалық мінезінен сақтандырды.
Емберді басын иіп тағзым етті,
Қош айтып Сақал мерген жүріп кетті.
Осылай бұл аңыздың соңы жетті.
Емберді аңшылықты қойып кетті.
Байқайтын бар нәрсені «жасаған» – бар!
Әр нәрсенің тосқауы болары хақ,
Ойланыңдар қиянат жасағандар.





Пікір жазу