30.05.2022
  166


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Қара түндер ұласып ақ таңдарға...

Қара түндер ұласып ақ таңдарға,
Арада сағым жылдар зымырауда.
Маған деген сезімің сақталған ба,
Жүрегіңнің түбінде, шыңырауда.
Арманым ақша бұлттай аспандаған,
Жол таппай ғашықтардың әлемінен,
Жарқ еткен найзағайдан жасқанбаған
Қуат алып, жолдаған сәлеміңнен.
Мені аңсаған сәттерде, ақ сезімің,
Кеудеңнен аққу болып ұшты ма екен.
Қадірін түсінбеппін жас кезімнің,
Алғашқы махаббатым ыстық екен.





Пікір жазу