30.05.2022
  127


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Шынымен шығардың ба шешіміңді...

Шынымен шығардың ба шешіміңді,
Түсіне біл, жанмын ғой кешірімді.
Жүрегім алып ұшады, бірақ-бірақ,
Қағуға ұяламын есігіңді.
Ұйықтасам әурелейсің түсіме еніп,
Түсіме еніп тұрасың, түсінелік,
Махаббатың ызғары күшіне еніп.
Күшіне еніп тұр екен үсімелік,
Көз жұмсам әурелейсің түсіме еніп.
Тас дуал бөліп тұр ғой сырымды да,
Сырымды да бірге айтар жырымды да.
Жігіттер ғашық болған бұрынғыда,
Бұрынғыда бұралған бұрымдыға.
Жан едің сыпайы да, кешірімді,
Сол кеште сұрап едім есіміңді.
Өзіңсіз кең дүниеге симай жүрмін,
Бірақ та,
Қағуға ұяламын есігіңді.





Пікір жазу