30.05.2022
  105


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Махаббаттың жаулары...

Махаббаттың жаулары,
Біріншіден – сұлумын деп шалқақтау,
Екіншіден – ғашықпын деп жалпақтау.
Бақытсыздық туындайды бұлардан,
Бұдан әрі орындалмас мың арман.
Ал махаббат серігі,
Қыздың жылы лебізі мен,
Дірілдеген еріні.
Бұдан әрі өрт махаббат туындап,
Қандай жүрек суынбақ.
Махаббаттың жалғыз досы – адалдық,
Сүйгеніңді берсін құдай адал қып.





Пікір жазу