Сен жүрсің алыс шалғайда
Айтшы жаным сен мені түсіндің бе?
Хат сырын оқығанда терең бойлап,
Жыр сезімді ұғынып күрсіндің бе?
Отырдың ба, мұңайып мені ойлап.
Жыр сезімді қайтара оқи беріп,
Шамасы мұң тұнған-ау жанарыңа.
Жан жоқ сәулем, үміттен кеткен жеріп,
Сенбегін бәрі ұмыт боп қаларына.
Көз жазбаймын, мәңгілік үміттімін,
Жүрсеңде менен алыс өмір кешіп.
Мүмкін туар бір күні үміт күнім,
Махаббаттың тәңірі көмектесіп.
Мен ризамын сөзімнің жайын ұққан,
Қазақтың сендей сұлу аруына.
Қолым жетсе айды алып, көкке шыққан,
Болар еді, сені іздеп баруыма.
Жазылған жүрегіме дастан болып,
Сені іздеп мәңгілікке кетер ме екем.
Мен жүрмін махаббаттан қашқан болып,
Аңсаған арманыма жетер ме екем.
Қай жақта жүр екенсің жаным менің,
Бұл өмір жүрек сырын түсіне ме.
Жетпейді-ау әттең саған әнім менің,
Қайтемін енбей кеттің түсіме де.
Бойыңа жас кезіңнен сіңіретін,
Ғашықтық сезіміңді сағындырған.
О, махаббат керемет құдіретің,
Бар жанның жүректерін бағындырған.
Сен неге мені көрсең қымсынасың,
Жүрегіңді мазалап жүрмін бе, әлде.
Жыр сезім жүрегіме тұншығатын,
Қолайсыз, ыңғайы жоқ жүрмін халде.
Сулу көрсе еліріп ынтығатын,
Жүректің әдеті ғой келе жатқан.
Өзіңді ойлап, таң атып, күн шығатын,
Жұлдыз жүрек тек сен деп оқтай аққан.
Қайғы табы сезілмей жанарыңда,
Күлесің де жүресің, күлесің де.
Жас жүрек, мың түрленіп жаңаруда,
Сені ұнатқан жүректі білесің бе.
Өзіңмен алғашқы рет танысқанда,
Сөйлестің ақ пейілді жүрегіңмен.
Мұң мен сезім жүректе алысқанда,
Сезімнің пернесінен жыр егілген.
Жымиған жылуы мол сұлу күлкің,
Жүректі жаулап алды, ақылды арбап.
Кім біледі түсінерсің күндерде күн,
Жүрек сырын, жазылған өзіңе арнап.