30.05.2022
  204


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Күт мені

Күт мені мен ораламын,
Үмітті отың сөнбесін.
Ойлама қайғы жорамалын,
Қасірет бұлты төнбесін.
Күтерсің мені жауса да жаңбыр,
Борасын мейлі ақ қар да.
Жеткізер саған аман-сау тағдыр,
Көңілді бөлме жаттарға.
Хат келмей қалса егерде менен,
Қайғыға батып, жасыма.
Үмітпен күткен айналдым сенен,
Оралам қайтып қасыңа.





Пікір жазу