30.05.2022
  107


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Халқыма

Жазамын халқым саған өлең арнап,
Асыл сөзің бұлақ қой, жатқан қайнап.
Жерің де кереметтей үлкен екен,
Жете алмассың шетіне жүрсең де айлап.
Сөздерің қандай мәнді, тәтті балдай,
Келе бер ғасырлардан, ұшып талмай.
Дами бер өркендей бер қазақ халқы,
Қатарыңнан өз халқым кейін қалмай.
Қанша халқым шет елге кетті босып,
Жүрсекте қайғы үстіне қайғы қосып.
Ізет сақтар керемет салтымыз бар,
Сөйлейтін үлкендердің сөзін тосып.
Халқымның қадірлеймін дастандарын,
Шет ел асып кеткенмен қасқалдағым.
Өркендеп келе жатыр елім менің,
Нық аттап бейбітшілік баспалдағын.
Елімнің ақыны мен батыры көп,
Әзілдеп айтқан шешен, нақылы көп.
Халқым-ау, түзелсейші, тағы айтамын,
Кейінгі ұрпағыңның ақылы боп.
Халқымды еркен жайған сүйреп алға,
Сөздері қазағымның құстай самға.
Тағы айтамын, тағы да жазамын мен,
Басқа елден қалыспа, жүргін алда.





Пікір жазу