30.05.2022
  124


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Не болып кетті дүние!

Алатаудың басынан,
Күн шығады жарқырап.
Өтіп кетер өмірің,
Тасқын судай сарқырап.
Қоштасады өмірмен,
Кәрі түгіл жастар да.
Құтылмайды-ау өлімнен,
Құтылам деп қашса да.
Түсірмеші есіме,
Мәңгі ұйқыны, өтінем.
Қанша адам кетті өліп,
Қайғырам да өкінем.
Жүзге жасың жетсе егер,
Құз емес пе ар жағы.
Көп адамды мәңгі ұйқы,
Тірілместей қармады.
Қайда кеткен,
Атам менен бабаларым өлмесе.
Мәңгі тірі болмас па еді,
Өлім бұлты төнбесе.
Түсірмеші есіме,
Өтінемін әлі де.
Қалмады ғой емірде,
Ақ сақалды кәрі де.
Өмір күрес, тартыс қой,
Түсінгеннің бәріне.
Өмір үшін аянба,
Күресе бер әлі де.
Неге елім көнбейді,
Қысқарды өмір қазағым.
Тартып жүрміз өйткені,
Экология азабын.
Апаттар көп, мыңдаған,
Неге емір бұзылды.
Ренжиді өкініп,
Қайғырады тың далам.
Бұл өмірде жүргенше,
Кетейікші халайық.
Мәңгі өлмейтін алысқа,
Ұшып барып қонайық.





Пікір жазу