Алдамшы өмір
Бұл өмір адамды алдайды,
Мәңгілік ештеңе қалмайды.
Тататын дәм-тұзың таусылса,
Қара жер ақыры жалмайды.
Мәңгілік ештеңе қалмайды,
Қалармыз бір күні төбе боп.
Қараңғы молаға еге боп,
Жер астын жастанып жатармыз.
Қақайған қазықтай шеге боп,
Қалармыз бір күні төбе боп.
Ойласаң жан-тәнің түршігер,
Соны ойлап әр адам күрсінер.
Ертең жоқ дегенге кім сенер,
Ап бүгін шапқылап жүрсіңдер.
Ойласаң жан-тәнің түршігер,
Бұл тағдыр қатыгез деп келем.
Не тынар ызалы кекпенен,
Өлім бар өзекті жандарға.
Жаралған сүйекпен, етпенен,
Бұл тағдыр қатыгез деп келем.
Қамышының сабындай жалғанда,
Амалсыз көнерсің салғанға.
Ей, пақыр нәпсіге салынып,
Апданба, жалғанда, алданба.
Қамышының сабындай жалғанда,
Жаратқан аллаға сыйынып.
Ақ тілек тілейік жиылып,
Қайтемін ішіме сыймады.
Жүрекке жыр сезім құйылып,
Ақ тілек тілейік жиылып.