30.05.2022
  138


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Қайран гүлдер

Мен гүлдерді аяймын,
Бес күндік қана өмірі.
Кең даланың тұтастай,
Гүлге толған өңірі.
Болса да сұлу құбылыс,
Көрер күні санаулы-ақ.
Жауқазын жарып шыққан соң,
Кетеді екен алаулап.
Жайнаған сұлу гүлдерді,
Баптасаң дағы суарып.
Өткізіп біраз күндерді,
Қалады әттең қуарып.
Ол жерден қайтып нәр алмас,
Осылай мәңгі өтеді.
Ол тағы қайтып жаралмас,
Қуарып, өшіп кетеді.
Гүл жалған, әттең гүл жалған,
Кім қалар мәңгі ғаламда.
Мәңгілік емес бұл жалған,
Берілген сыйы адамға.





Пікір жазу