30.05.2022
  146


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Бижігіт Райұлына арнау

Ұлы отан соғысы да басталды,
Поезд кетті батысқа,
Тиеп алып, жас жүректі жастарды.
Ата-анасы қалды аңырап соңында,
Құрбан болды, асыл ерлер бейбітшілік жолында.
Тыныштығын қорғау үшін елінің,
Топырағын түйіп алып жерінің,
Кетті жастар өз еркімен шеп қүрып.
Жанарында ашу-ыза кек тұнып,
Кетті соғыс әр адамға қиыншылық шектіріп.
0 жалған-ай кім өледі тек тұрып,
Қара қағаз келіп жатты аналарға қаралы.
Қол-аяқтан айрылып,
Кейбір жастар болып келді жаралы.
Жер қойнына беріп қимас түлегін,
Сорлы ананың қайғы басты жүрегін.
Қазақ жасы қаймықпады сонда да,
Қыран құстай қанат жайды, қомдана.
Рейхстакқа тікті қазақ жалауын,
Дегендей-ақ осы менің қалауым.
Бижігіттей батыр ұлы халқының,
Бірі болып 28-алыптың.
Қан майданда елі үшін,
Ұлан байтақ жері үшін,
Елі үшін, халқы үшін,
Отан үшін, мекен үшін,
Бар дәрменін сарқып күшін.
Отан үшін алысқанда,
Кім шақ келер арыстанға.
Соншама қайсар болғаны неде,
20-алыптың.
Себебі оларды шыңдады әбден,
Ыза мен кегі халықтың.
Алаулап мәңгі тұрады жанып,
Ешқашан отың сөнбейді.
Өздерің ашқан аспаннан қайта,
Қасірет бұлты төнбейді.
Аттанып кетті асыл ер бабам,
Жәнатта болсын мекенің.





Пікір жазу