Абайға арнау
Мына жұртым қуанып жүр неліктен,
Дей алмаймын бостан-босқа желіккен.
Осынша өмір сүріп келсең, ал айтшы,
Ұлы Абайдай 150-ге келіп пең.
Ұлы Абайды тәңірі өзі ептеген,
Сондықтан ғой, ұлы ақын деп келем.
Тастай бекем құрыштайын болса да,
Ешбір адам 150-ге жетпеген.
Батыр болсын, ақын болсын ол мейлі,
Аты қалса бұл жалғанда өлмейді.
Қазағым деп өмірі өткен Абайдың,
Жарқын жүзі, мәңгі бақи сөнбейді.
Қазағым деп қабырғасы қайысқан,
Жауыздықпен емір бойы сайысқан.
Ұлы Абайдың тас мүсінін салғанмен,
Оның ойын келтіре алар қай ұстаң.
Көкірегім қуанышқа толып тұр,
Бүгінгі күн бақытты шақ болып тұр.
Қазағым деп қайғы тартқан ақынның,
Жасы бүгін 150-ге келіп тұр.
Мәңгілікке Абай атың сөнбесін,
Қазағыма қайғы бұлты төнбесін.
Қазақ елі атанайық әлемге,
Тілімізге өзге тілдер енбесін.
Мен жырымды осылайша бастадым,
Алға ұмтылсын кейін кетпей басқаның.
Ұлы ақынның ұлы тойы кезінде,
Қала аламды тебіренбей жас жаным.
Мерекемен шын жүректен құттықтап,
Алдарыңа ән мен өлең тастадым.