30.05.2022
  142


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Табиғат ана

Қайғырмашы табиғатым бұл іске,
Алай-дүлей болды-ау сенің жүрегің.
Арал теңіз, Балқаш көлің таяздап,
Кетті-ау деймін жерге сіңіп тірегің.
Толқындарың желмен бірге тулаған,
Сонау жылы Арал теңіз қандай ең?
Табар едім дүниені кезсем де,
Айтшы маған саған керек қандай ем?
Тартылған су, неге ұшпайды аққулар,
Жағаң қамыс, суың тасып жатушы еді.
Мерейленіп, қос көліне нұр төгіп,
Қош айтысып алтын күн де батушы еді.
Бұлт жауып, жер көрсетпей, қапа қылып,
Өкпелеткен мына тағдыр күнді де.
Қара түнек, бұлттан бір сәт арылып,
Жерді қимай түнекке енді, күлді де.
Жетілген шақта, көркейіп өсіп санамыз,
Айтыңдаршы, қай жаққа кетіп барамыз.
Өзіміз қолдан жасарын жасап, қойып ап,
Жамандық болса, тағдырға жаба саламыз.





Пікір жазу