30.05.2022
  128


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Жанымды ұғар дос іздеп

Сырымды айтар дос таппай сенделемін,
Осы ғой жалғыздықты жеңбегенім,
Сол ойьТма енді кеп өкінемін.
Ақындар жалғыз десе сенбеп едім,
Сырымды айтар дос таппай сенделемін.
Бірақ менің жолдасым, достарым көп,
Кейбірі сырын айтар қасыма кеп,
Олар бірақ жанымды түсінбейді.
Тек осы ой мазалайды жанымды жеп,
Бірақ менің жолдасым, достарым көп.
Жалғанда жалғыз жүрген пенде ме едім,
Осы ғой жалғыздықты жеңбегенім,
Сыр айтар достарым жоқ әйткенменде.
Дос жүрегін сезуден кенде ме едім,
Осы ғой жалғыздықты жеңбегенім.
Жалғыздық жүрегімді жұлмалайды,
Айтпайды оған жүрек «бұл қалай-ды»,
Әмір жүрмес жүрекке - деген сөз бар.
Адамды жүрек шіркін тыңдамайды,
Жалғыздық жүрегімді жұлмалайды.
Қаламым жалғыздықтан арашалап,
Кетемін төрт жол әнді тамашалап.
Қайғы-мұң жүректегі серпілгенде,
Бастаймын жыр сезімді жаңашалап.





Пікір жазу