30.05.2022
  257


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Сағыныш-сезім

Білмеймін кімді, неге сағынамын,
Сыр сезімге неге мен бағынамын,
Құтыла алмай қойдым мен мұң тұманнан.
Құтылсам, қайта барып таңыламын,
Білмеймін кімді, неге сағынамын.
Білмеймін жүрек сыры маған жұмбақ,
Жүрекке қуаныш кеп қашан тұнбақ,
Түсінбей жүрек сырын сұрап едім.
Жалынсам, айтпады-ай да тыңдап-тыңдап,
Білмеймін жүрек сыры маған жұмбақ.
Жүрегім қарс айрылып сағыныштан,
Жүрекке сезім сәуле шағылысқан,
Ой деген ұшқыр екен, шартарапты.
Аралайды лашындай ағып ұшқан,
Жүрегім қарс айрылған сағыныштан.
Кей кезде қалғандаймын жалғызсырап,
Ұнамайды жалғыздық маған бірақ,
Мен білдім нағыз достық болар сонда.
Екі адамды қосса егер құдай құрап,
Ұнамайды жалғыздық маған бірақ.
Білмеймін кімді, неге ойлай берем,
Жүректің жыр сезімін жоймай келем.
Бұл өлең өз айтарын айтқызбаса,
Шынында ез еркіңе қоймайды екен.





Пікір жазу