30.05.2022
  121


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Нарық заман

Нарық дейді – бұл заман, нарық дейді,
Кей адамдар байлыққа қарық дейді,
Кей адамдар тіршілік жолын білмей.
Бұл өмірде көргем жоқ, «жарып» - дейді,
Нарық дейді, бұл заман, нарық дейді.
Кей адамдар көліктің зорын мініп,
Тіршілік етіп жатыр көзін біліп.
Нарықтың қыспағынан шығу үшін,
Асыл халқым, керек қой төзімділік.
Кей адам тамақ таппай қаңғырады,
Бұл жалғанда қалмайды мәңгі бәрі,
Адамдар мейірімсіз боп барады.
Бәрінің дүние болып аңдығаны,
Бұл жалғанда қалмайды мәңгі бәрі.
Бағдарсыз өз еркімен заман кетті,
КПСС – партия, шамаң кетті,
Горбачовтай бір көсем шығыпты да.
Мемлекеттен күн көру «тамам» депті,
Бағдарсыз өз еркімен заман кетті.
Бұл заманның көп екен бұралаңы,
Қалай заман бір жерде тұра алады,
Елу жылда ел жаңа – дейді халқым.
Мемлекет бірте-бірте құралады,
Бұл заманның көп екен бұралаңы.
Заман кетті белгісіз ағым қуып,
Кейбір жандар мәз болып жүр тағын жуып,
Әр адам қара басын ойлап кетіп.
Кетпейік асыл халқым сағым қуып,
Заман кетті белгісіз ағым қуып.





Пікір жазу