30.05.2022
  153


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Шақпақ ата туралы

Мінезің шатақ екен Шақпақ ата,
Өзіңе қалай адам жақпақ, ата,
Атаның аталығы қайда екен.
Жол тартқан жолаушыны сақтамаса,
Мінезің шатақ екен Шақпақ ата.
Амансай кезінде әбден қанға толып,
Бас жарып, ел қырылған шайқас болып.
Киелі жер сондықтан аталған ба,
Келемін бар төскейді көзбен шолып.
Шақпақ ата мінезің шатақ екең
Тараз біздің бұрынғы ата мекен,
Бабалар мекеніне оралғанда.
Қырсығың, жүрекке әбден батады екен,
Шақпақ ата мінезің шатақ екен.
Ашу мінез жүрекке қаяу салып,
Қайтамыз ба Таразға жаяу барып.
Құрбан болған інімнің жерін көріп,
Жылауға қалдым әзер таяу қалып.
Құз болса мейлі екен ғой, құзар биік,
Қалай алдың інімді көзің қиып.
Кім біледі өзіңде кінә жоқ па,
Кешір ата, айтыппын жаным күйіп.
Ей, жолаушы,
Алдыңнан Шақпақ ата кезіккенде,
Өмір сүріп қайтеміз сезікпен де,
Оңғарылмас ақ жолың, құран оқып,
Өз еркімен білмесе сезіп пенде.
Ей, мұсылман,
Бет сыйпап жай жүргейсің,
Алдыңнан Шақпақ ата кезіккенде.





Пікір жазу